|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
13
Қазан
2022
|
2022-2023 оқу жылының 13.10.2022 жылы 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының аудандық кезеніңі өтті мектебімізден 6 жоба мәлімделді, 7 оқушы қатысып келесі оқушылар жақсы орындарға ие болды;Нағашыбай Алтын 3 орын, Жолдыбек Мақсат, Досқали Гульдина, Аман Дильназ бен Бахытжан Ұлпан 1 орын. Алькенова Альбина мен Ерлан Камилаға сертификат табысталды.
|
22
Қыркүйек
2022
|

Сәлем қымбатты эко-дос 💚
Пластикалық пакеттен бас тартыңыз-табиғатты сақтаңыз!
Экологияға қамқорлық танытайық!
@prirodakostanai @jastarruhy_qostanai
|
22
Қыркүйек
2022
|
Сәлем қымбатты эко досым 💚
Бүгін біз қарапайым әрекеттер туралы сөйлесетін боламыз, оларды орындау арқылы сіз жасыл боласыз. Жақсы мағынада жасыл 😉
|
5
Қыркүйек
2022
|
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арнайы жоспар құрылып, сол жоспар бойынша іс –шаралар уақытымен өтілуде. «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында салтанатты линейка болып, ашылуы болып өтті. Іс – шара барысында, оқушылар Ахмет Байтұрсынов жайлы ақпарат беріп, өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан көріністер қойылды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетілді. Мектеп басшысының міндетін атқарушы Нурбеков А.Ж. мектеп ұстаздары мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
|
1
Қыркүйек
2022
|
1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Алтынсарин ауданы әкімінің аппарат басшысы Кикимов Дархан Жоламанұлы оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ мектеп басшысының міндетін атқарушы Нурбеков Азамат Жомартұлы өзінің құттықтауы мен мектебіміздің 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктерін айтып өтті.
|
16
Маусым
2022
|
Қазақ тілін үйренуге бағытталған сайттар
|
11
Ақпан
2022
|
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Ұлттың ұлы ұстазы-А.Байтұрсынов" тақырыбында мектеп кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын кітапханашы Алдажарова Г.Қ. бастауыш сынып оқушыларына таныстырып өтті.











