|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
16
Ақпан
2026
|
16.02.2026 ж күні 9-11 сыныптар аралығында Ұшқыр ой алаңы жобасында, “Кітап-оқу тренд пе?” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларды оқулықты,кітапты құрметтей білуге,кітапты ұқыпты ұстауға баулу ,оларға кітап оқудың маңыздылығын түсіндіру.Кітап түрлерімен таныстыру ,сапалы білім,саналы тәрбие алу үшін кітаптың маңыздылығын ұғындыру,рухани байлығын толтыру ,ой өрісін дамыту.Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын арттыру,әдептілікке тәрбиелеу.
|
12
Ақпан
2026
|
Рух пен поэзия тоғысқан «Мұқағали Мақатаев пен Ілияс Жансүгіров оқулары» аудандық кезеңі М.Хәкімжанова атындағы Щербаков ЖББМ -де болып өтті. Байқау жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, поэзияға құштар дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.
Біздің мектептің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңіспаздарды жеңісімен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
|
20
Қаңтар
2026
|
Заң мен тәртіп” айлық аясында “ Тәрбие және жауапкершілік” тақырыбында Әкелер кеңес жанындағы отырыс өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек мектептің ғана емес, ең алдымен отбасының, соның ішінде әкенің жауапкершілігі.
Бүгін өткен “Құқық бұзушылықтың алдын алудағы- әке рөлі” тақырыбындағы Әкелер кеңесінің отырысында бала тәрбиесіндегі әкенің орны, жауапкершілігі, үлгі болу мәдениеті жайлы маңызды ойлар айтылды.
Әке – тәртіптің тірегі, талап пен мейірімді тең ұстай білетін тұлға. Әкенің сөзі мен ісі баланың өмірлік бағытын қалыптастырады.
Жиналыс барысында:
– баламен ашық сөйлесу,
– уақытылы бақылау мен қолдау,
– дұрыс орта қалыптастыру,
– заң мен тәртіпке құрметпен қарауға үйрету
мәселелері талқыланды.
Бала – біздің болашағымыз. Болашақтың жарқын болуы әр әкенің бүгінгі әрекетіне байланысты.
Әке бар жерде – тәртіп бар, тәрбие бар, сенім бар! Жауаптылар: ТІЖО Сарсенбаева Ж.Н.
Әлеуметтік педагогтар Алдажарова Г.Қ., Бейсембаева М.Қ. #адалазамат #заң_мен_тәртіп @kost__bilim
|
19
Қаңтар
2026
|
Тақырыбы: «Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында 8–9 сынып оқушылары арасында дәріс өткізіліп, сауалнамалар алынды.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы кеңінен таралып бара жатқан буллингтің алдын алу. Буллингтің мәнін түсіндіру, оның түрлері мен зардаптарын талқылау, қорғану әдістерін үйрету.
Өткізгендер:
Тәлімгер: Г. Карбозова
Педагог-психолог: Ж. Кубенова
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|
15
Желтоқсан
2025
|
ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Астана қаласындағы № 45-ші Келешек мектебінде оқушыларға арналған ең алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды.
|
11
Желтоқсан
2025
|
|
№ |
Атауы |
Жүктеу |
|
1 |
Педагогикалық әдеп кеңесінің құрамын құру туралы бұйрық ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын басшылыққа алып жасақталған |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
Желтоқсан
2025
|
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектепте 460 мың оқушы сапалы біліммен қамтылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумында атап өтті.












