16 ақпан күні «Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бырыңғай облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында
Тәрбие ісі меңгерушілері Ахметжанова А.Г. мен Алдажарова Г.Қ. сөйлеп өтті. Келесі мектебіміздің педагог-психологы Кубенова Ж.Б. сөз сөйледі. Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбын ашты.
Сөз аясында психолог ата-аналарды кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері және белгілерімен таныстырды, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу сұрақтарында ата-аналардың психикалық сауаттылығын арттыру жайында ерекше атап айтты. Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізді. Келесі орында Әлуметтік педагог Курмангалива Д.У. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу.» тақырыбында ата-аналарға мәлімет берілді. Әлуметтік педагог тұрмыстық зорлық зомбылық түрлерімен таңыстырды. Ата-аналарға аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңестер берілді