ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
23
Сәуір
2025

23 сәуір күні Обаған ЖББМ облыстық вебинар  өтті.

Тақырыбы: «Цифрлы әлемде дарынды балаларды даярлау-заман талабы”
Модератор: Ахметжанова Арайлым Галимбековна

1.«Цифрлы білім беру ортасында белсенді оқыту әдіс –тәсілдері арқылы дарынды оқушылармен жұмыс түрлері»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жаланова Гулжан Байтургановна,Алимова Гулзат Нурбековна,Ахметжанова Арайлым Галимбековна
2. «Перевернутый класс - как эффективная модель обучения в условиях развития цифровых возможностей в образовании»
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бакун Айнура Тулегеновна
3. «Цифрлы әлемдегі дені сау және дарынды балалар»
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Мамаев Ерлан Бораншыұлы, Кәдірхан Айдын Жарасбай.

18
Сәуір
2025

2025 жылғы 18 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы Обаған мектебінде  Алтынсарин ауданының білім бөлімі ұйымдастырған “Заманауи роботтар біздің өмірде” тақырыбындағы аудандық робототехника жарысы сәтті өтті. Шараға аудан мектептерінің 10-нан астам командасы қатысып, өздерінің техникалық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Жарыс санаттары:
1. Сумо – роботтар қарсыласын шеңберден шығаруға тырысты. Бұл санатта роботтардың сенсорлық жүйелері мен қозғалыс алгоритмдері сыналды.
2. Арқан тарту – екі автономды робот бір-бірін белгіленген сызықтан өткізуге тырысты. Бұл санатта роботтардың тарту күштері мен тепе-теңдік сақтау қабілеттері бағаланды.
3. Минифутбол – роботтар шағын футбол алаңында допты қарсылас қақпасына енгізуге тырысты. Бұл санатта роботтардың жылдамдығы мен дәлдігі сыналды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің техникалық білімдерін, командалық жұмыс дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бұл шара оқушылардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ инженерлер мен жаңашылдардың қалыптасуына ықпал етті.

17
Сәуір
2025

Апталық аясындағы әдебиеттік оқудан ашық сабақ, 3 сынып.

19
Наурыз
2025

19 наурыз күні мектеп кітапханасынада «Абай –дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде адам болу мәселесі сонау тар қапас заманда дүниеге келген ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған өлеңдері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Білімдіден шыққан сөз”, Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты – Абайдың ұрпақ тәрбиесіне арналғанын көріп, ой түйді.

17
Наурыз
2025

WhatsApp Image 2025 04 16 at 12.40.59

Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін жүргізіледі.

Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне:

17
Ақпан
2025

2025 жылдың 17 ақпанында КГУ «А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп» с. Заречное базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионаты өтті.
Біздің ауданнан Больше-Чураков ЖББМ, Обаған ЖББМ және Жаңасу НО мектептерінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
🏆 Жүлдегерлер:
🥇 1 орын – Обаған мектебінің 6 сынып оқушысы Жақан Асхат
🥈 2 орын – Жаңасу мектебінің оқушылары Капсултанов Арман және Сапаров Ерасыл
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және робототехника әлемінде алдағы жетістіктер тілейміз! 🚀🤖

17
Ақпан
2025

Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Бекенбай Дамир 15 ақпан-15 наурыз аралығында “IQanat High school of Burabay” Бурабай мектебінде болатын “IQanat Foundation” бағдарламасы бойынша айлық сессияға оқуға жіберілді. “IQanat олимпиадасының жеңімпазы. Математика, ағылшын тілі, химия, физика, биология пәндері бойынша білім сапаны жақсы көрсету арқылы республикалық деңгейде осындай мектепте оқуға жолдама алған Дамирді барлығымыз құттықтаймыз.Жарайсың Дамир! Шығар белестерің биік болсын! 

© 2026. Все права защищены.