ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2024-2025 оқу жылында ыстық тамақты ұйымдастыру туралы ақпарат

​​WhatsApp Image 2023 03 09 at 15.35.12WhatsApp Image 2023 03 09 at 15.35.12 1WhatsApp Image 2023 03 09 at 15.35.13

2024-2025 оқу жылында мектебімізде жалпы білім алушылар саны- 181. Бір мезгіл ыстық тамақпен аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушылар саны 21, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылдың 18 тамызындағы №15 2/5015-И хаты  негізінде 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру 1-4 бастауыш сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-4, жалпы білім беру қорынан 21 оқушы асханаға екінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 5-11 сыныптар буфеттік асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілуде.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны  80 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы  қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады.

 

© 2024. Все права защищены.