|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
17
Сәуір
2025
|
Апталық аясындағы әдебиеттік оқудан ашық сабақ, 3 сынып.
|
19
Наурыз
2025
|
19 наурыз күні мектеп кітапханасынада «Абай –дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде адам болу мәселесі сонау тар қапас заманда дүниеге келген ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған өлеңдері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Білімдіден шыққан сөз”, Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты – Абайдың ұрпақ тәрбиесіне арналғанын көріп, ой түйді.
|
17
Наурыз
2025
|

Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне:
|
17
Ақпан
2025
|
2025 жылдың 17 ақпанында КГУ «А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп» с. Заречное базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионаты өтті.
Біздің ауданнан Больше-Чураков ЖББМ, Обаған ЖББМ және Жаңасу НО мектептерінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
🏆 Жүлдегерлер:
🥇 1 орын – Обаған мектебінің 6 сынып оқушысы Жақан Асхат
🥈 2 орын – Жаңасу мектебінің оқушылары Капсултанов Арман және Сапаров Ерасыл
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және робототехника әлемінде алдағы жетістіктер тілейміз! 🚀🤖
|
17
Ақпан
2025
|
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Бекенбай Дамир 15 ақпан-15 наурыз аралығында “IQanat High school of Burabay” Бурабай мектебінде болатын “IQanat Foundation” бағдарламасы бойынша айлық сессияға оқуға жіберілді. “IQanat олимпиадасының жеңімпазы. Математика, ағылшын тілі, химия, физика, биология пәндері бойынша білім сапаны жақсы көрсету арқылы республикалық деңгейде осындай мектепте оқуға жолдама алған Дамирді барлығымыз құттықтаймыз.Жарайсың Дамир! Шығар белестерің биік болсын!
|
21
Қаңтар
2025
|
16-19 қаңтар аралығында Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Қостанай облысының чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде 3 орын алған 8 сынып оқушысы Талғатбек Ақжолды жеңісімен құттықтаймыз.
|
14
Қаңтар
2025
|
Обаған ЖББМ-де әр сейсенбі күні жиын Әнұран айтумен басталады, сонымен қатар оқушылардың жетістіктері айтылып, марапатталады. Бүгінгі күні аудандық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары 10 сынып оқушылары (Кенжетай Данияр,Бекенбай Дамир,Аккуженов Арслан,Жақсылықов Мадияр),9 сынып оқушысы Ерлан Камила мен Қостанай облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигада 10 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы шахматтан 1 орын алған 5 сынып оқушысы Хуанбай Нартайды марапаттау сәтінен. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.
#Біртұтастәрбие












