2025-2026 оқу жылының жоспары бойынша ата-аналарды ҰБТ өту процедурасымен, нұсқауларымен таныстыру.
12 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ – де 11 сыныпта ата-аналар жиналысы «Жауапкершілік пен табысқа жол: 11-сынып оқушыларының 1-жартыжылдық оқу үлгерімі және алдағы ҰБТ-ға дайындық барысы» тақырыбында өткізілді.
Мақсаты: 1-жартыжылдық оқу нәтижелерімен таныстыру ҰБТ-2026 (немесе ағымдағы жыл) талаптары мен ережелері туралы ақпарат беру
Жиналысқа 15 ата-ана және пән мұғалімдері қатысты. Жиналыс барысында 2-тоқсанның оқу үлгерімі, білім сапасы, пәндер бойынша жетістіктер мен олқылықтар талқыланды. Оқушылардың тоқсандық бағаларына талдау жасалып, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін қосымша жұмыстар туралы айтылды. Тәртіп, сабаққа қатысу, үй тапсырмасын орындау мәселелері де назарға алынды.
Негізгі мәселе ҰБТ-ға дайындық барысы жан-жақты қарастырылды. Пән мұғалімдері тест нәтижелеріне талдау жасап, негізгі қиындық тудыратын тақырыптарды атап өтті. ҰБТ-ға дайындық кестесі, қосымша сабақтар, сынақ тестілеулер және оқушылардың психологиялық дайындығы туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, қолдау көрсету және ынталандыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті, пән мұғалімдерімен жеке сөйлесті. ҰБТ-ға дайындықты бірлесіп, жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.






