ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
15
Қараша
2023

14 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ-нің "ЖАС САРБАЗ" мамандандырылған сыныбының тәрбиеленушілері Қостанай қаласындағы ішкі істер департаментінің мұражайына барып қайттып, өздеріне керекті мағұлыматтармен танысып жақсы әсермен оралды.

15
Қараша
2023

2023 жылдың 14 қараша айында Қостанай облысы бойынша "ЖАС САРБАЗ" жасөспірімде әскери-патриоттық қозғалысының ашылғанына 5 жыл толуына орай "Қанатты ұрпақ" атты жас патриоттар форумы өтті. Форумға Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы ББМ-нің "ЖАС САРБАЗ" мамандандырылған сыныбы қатысып куәлік табыстау рәсімі өтті.

26
Қазан
2023

Бүгін 2023 жылдың 26 қазан күні Қостанай облысы білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің АӘТД пәнінің мұғалімі Сейдазымов Талгат Доскалиевич облыстық ӨРЛЕУ біліктілігін арттыру орталығында білім жетілдіру курсында оқып жатқан АӘжТД пәні мұғалімдерімен облыстық деңгейде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының жүргізген әскери -патриоттық жұмысы жайлы практикалық тәжірибие алмасу сабағын өткізді.

25
Сәуір
2022

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ережесі

  1. 1.Жалпы ереже.

 «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған  сыныбы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде  оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -  “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

            Еліміздің алдыңғы қатарлы  50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

        Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. «Жас жауынгер» патриоттық клубының жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сейдазымов Талгат Доскалиевич.

 

8
Ақпан
2019

                          Ы.Алтынсарин атындығы Обаған орта мектебінің

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ҚР-ның тұңғыш президенті күні қарсаңына өткізілген «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау іс-шарасынан сараптамасы.

Максаты:

-Жасөспірімдерге азаматтылықты, патриоттықты әлеуметтік және рухани адамгершілік маңызды  құндылықтар   ретінде дамыту. Олардың кәсіби маңызды сапаларын, білімділігін және қоғамдағы әр түрлі орталарға жоғарғы жауапкершілікпен тәртіптілікпен белсенді шығу дайындығын қалыптастыру;

-Әскерилердің мамандығын  ержүректік, тапқырлық, жылдамдық, ептілік және басқа сапаларға  жасөспірімдерді тәрбиелеу;

-Тұлғаның жан-жақты гармониялық  дамуы, белсенді  өмірлік позициясын жасау;

-Әскери істің   негіздерін меңгеру;

-Төтенше жағдайларда зардап шегушіге  бірінші   көмекті көрсету  және ескерту дағдыларын   меңгеру;

-Мамандықты ұғынылған түрде  таңдауы.

 

© 2024. Все права защищены.