Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
22
Қараша
2021
|
"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады"
Нұрсұлтан Назарбаев
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек.
- Өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
- Білім алуына көмектесуге міндетті;
- Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
- Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірмен танысуға міндетті;
- Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге;
- «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
19
Қараша
2021
|
«Мамандықты қателеспей дұрыс таңдау дегеніміз не?», «Осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болып еді. Енді өз қалауыммен екінші мамандықта оқып жүрмін», – деген сияқты сөздерді жиі есітетініміз анық. Енді, мамандықты дұрыс таңдау үшін не қажет, соған тоқталып жауап іздеп көрсек.
Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебіңде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан, әр мамандықтың адамға ұсынатын ерекшелігін, талабын алдымен өзіміз жақсы біліп алуымыз керек. Содан кейін ғана оқушыларға сенімді түрде толық ақпарат бере аламыз.