Бекітемін: Ахмадиева Н.М.
«Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған жалпы білім беретін мектебі»
КММ басшысы
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім беру бөлімінің
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылындағы
тәрбие жұмыс жоспары
Тақырыбы: Жаңа қоғамда ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін бәсекеге қабiлеттi жаңашыл, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және
үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Ұстанымдары:
- Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие, дербестiк.
- Бiлiм-тәрбие беру үрдiсiнде қарым қатынасты iзгiлiкте құру.
- Үзiлiссiз, сабақтастық.
- Табиғатпен, мәдениетпен үйлесiмдiлiк.
- Қимылды -бағытталған тәрбие.
- Әлеуметтiк қарым-қатынас тиiмдiлiгi.
- Тәрбиенi шоғырландыру, топтау.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен,нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.