|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
18
Қараша
2025
|
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 7 «Ә» сынып оқушылары мектептің сынып ішіндегі бөлме гүлдеріне күтім жұмыстарын жүргізді. Оқушылар гүлдерге су құйып, түптерін қопсытып, шаң-тозаңнан тазартып, табиғатты аялау жөніндегі жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты.
Бұл іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету, экологиялық сана мен еңбекқорлықты насихаттау. Оқушылар белсенділік танытып, өз ортасының тазалығына жанашырлықпен қарады.
#тазақазақстан🇰🇿
#адалазамат
|
24
Қазан
2025
|
Обаған жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында ұйымдастырылған жаппай Әнұран айту челленджіне белсене қатысты.
Бұл шара оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухты дәріптеуге бағытталды. Бүгінгі әсерлі сәт – оқушыларымыздың туған еліне деген сүйіспеншілігін жүрекпен сезінген мезет. Олар еліміздің Әнұранын және патриоттық әндерді зор рухпен орындап, ел бірлігі мен ұлттық мақтаныштың символына айналды. 💙 Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік және жауапкершілік сезімі қалыптасады.
|
24
Қазан
2025
|
Республика күніне арналған салтанатты жиын
Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздер мен Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Шара барысында оқушыларға Республика күні туралы мазмұнды ақпараттар беріліп, тәуелсіздікке арналған патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ оқушылар домбырамен күй тартып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
|
22
Қазан
2025
|
“Смарт бала” жобасы. Желідегі қауіпсіздік челленджі .
Бүгінде цифрлық қауіпсіздік-әрбір оқушының өмірінің маңызды бөлігі.
10-сынып оқушылары “желідегі қауіпсіздік” ережелерімен таныстырды.
|
15
Қазан
2025
|
Алматы қаласында бүгін Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі басталуда. Елімізде бұл салада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен нормативтік-құқықтық базаны дамыту, балаларды тең әрі сапалы білім берумен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді
|
6
Қазан
2025
|
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде ауылдық елді мекендерден оқушыларды мектепке және кері үйлеріне жеткізу ұйымдастырылған.
Мектепке Силантьевка және Б.Чураковка ауылдарынан келетін оқушылар күн сайын арнайы белгіленген автобус арқылы тасымалданады. Барлық бағыттар мен жүру кестесі бекітілген, қозғалыс уақыты сабақ кестесіне сәйкестендірілген.
2025–2026 оқу жылының басында тасымалдаумен қамтылған оқушылар саны:
- Силантьевка ауылынан – 61 оқушы,
- Б.Чураковка ауылынан – 51 оқушы.
Барлығы 112 оқушы мектепке және үйлеріне күн сайын жеткізіледі.
Тасымалдау жұмыстары қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі. Автобус техникалық тексеруден уақтылы өтеді, жүргізуші тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар, медициналық тексеруден тұрақты түрде өтеді.









