ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылдың 18 тамызындағы №15 2/5015-И хаты негізінде 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарындағы №64 қаулысында көрсетілген санаттағы оқушыларды және 1-4 бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде де ұйымдастырылды. Мектеп асханасында 0-11 сынып оқушылары үшін 90 орындық бар. 1-4 сынып оқушылары 72 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 17 оқушы жалпы білім беру қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде мектеп алды даярлық сыныбынан 4 оқушы, орта буыннан 12 бала, жоғарғы буынан 1 бала. Оқушылардың жасын ескере отырып, мәзірде ыдыс-аяқтың массасы, олардың тағамдық және энергетикалық құндылығы, негізгі дәрумендерге күнделікті қажеттілік бойынша санитарлық ережелердің талаптары сақталды. Дайын тағамдарды өндіру технологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Күн сайын асханада бекітілген мәзір ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атауы туралы мәліметтер көрсетіледі. Барлық сатып алынған өнімдер сәйкестік сертификатына ие
. Балалардың тамақтануында тыйым салынған тағамдар тұтынылмайды. Балаларды тамақтандыру кезінде сынып жетекшісінің болуы міндетті болып табылады. Асхана санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жуу және дезинфекциялау қағидаларын сақтау мақсатында асхана ыдыстары мен аспаптардың жеткілікті мөлшерімен, сондай-ақ оны сақтауға арналған шкафтармен қамтамасыз етілген.Асханаларды тазалау әр тамақтан кейін жүргізіледі. Асхана үстелдері жуғыш заттармен жуылады, таза және пайдаланылған шүберектерге арналған арнайы шүберектер мен таңбаланған контейнерлер қолданылады. Жуу және дезинфекциялау құралдарын ыдыста оқушылардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген орындарда тамақ өнімдерінен бөлек сақтайды.
Қолды жуу үшін жууға арналған раковиналар орнатылған. Қызыметкер санитарлық киіммен (халат, бас киім, жеңіл сырғанамайтын жұмыс аяқ киімі) қамтамасыз етілген. Жұмысқа тиісті кәсіптік біліктілігі бар, белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексеруден өткен адамдар жұмыс жасайды.








