ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде ауылдық елді мекендерден оқушыларды мектепке және кері үйлеріне жеткізу ұйымдастырылған.
Мектепке Силантьевка және Б.Чураковка ауылдарынан келетін оқушылар күн сайын арнайы белгіленген автобус арқылы тасымалданады. Барлық бағыттар мен жүру кестесі бекітілген, қозғалыс уақыты сабақ кестесіне сәйкестендірілген.
2025–2026 оқу жылының басында тасымалдаумен қамтылған оқушылар саны:
- Силантьевка ауылынан – 61 оқушы,
- Б.Чураковка ауылынан – 51 оқушы.
Барлығы 112 оқушы мектепке және үйлеріне күн сайын жеткізіледі.
Тасымалдау жұмыстары қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі. Автобус техникалық тексеруден уақтылы өтеді, жүргізуші тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар, медициналық тексеруден тұрақты түрде өтеді.


Көлікте отырғыш белбеулері, өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы бар, сондай-ақ оқушылардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігін қадағалайтын жауапты тұлға бекітілген.
Оқушыларды тасымалдау кезінде олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ережелері мен қауіпсіздік нұсқаулықтары тұрақты түрде түсіндіріліп, жүргізушімен және оқушылармен нұсқамалар өткізіледі.
Мектеп әкімшілігі тарапынан тасымалдау жұмыстарының орындалуы, қозғалыс кестесінің сақталуы мен балалардың қауіпсіздігі күнделікті бақыланып отырады.

 

автобус       газель

© 2025. Все права защищены.