Заң мен тәртіп” айлық аясында “ Тәрбие және жауапкершілік” тақырыбында Әкелер кеңес жанындағы отырыс өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек мектептің ғана емес, ең алдымен отбасының, соның ішінде әкенің жауапкершілігі.
Бүгін өткен “Құқық бұзушылықтың алдын алудағы- әке рөлі” тақырыбындағы Әкелер кеңесінің отырысында бала тәрбиесіндегі әкенің орны, жауапкершілігі, үлгі болу мәдениеті жайлы маңызды ойлар айтылды.
Әке – тәртіптің тірегі, талап пен мейірімді тең ұстай білетін тұлға. Әкенің сөзі мен ісі баланың өмірлік бағытын қалыптастырады.
Жиналыс барысында:
– баламен ашық сөйлесу,
– уақытылы бақылау мен қолдау,
– дұрыс орта қалыптастыру,
– заң мен тәртіпке құрметпен қарауға үйрету
мәселелері талқыланды.
Бала – біздің болашағымыз. Болашақтың жарқын болуы әр әкенің бүгінгі әрекетіне байланысты.
Әке бар жерде – тәртіп бар, тәрбие бар, сенім бар! Жауаптылар: ТІЖО Сарсенбаева Ж.Н.
Әлеуметтік педагогтар Алдажарова Г.Қ., Бейсембаева М.Қ. #адалазамат #заң_мен_тәртіп @kost__bilim







