Рух пен поэзия тоғысқан «Мұқағали Мақатаев пен Ілияс Жансүгіров оқулары» аудандық кезеңі М.Хәкімжанова атындағы Щербаков ЖББМ -де болып өтті. Байқау жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, поэзияға құштар дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.
Біздің мектептің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңіспаздарды жеңісімен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!







