ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2025 жылдың 23 сәуірінде Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы оқушыларының 3 жылдық, 2022-2025 оқу жылдарына ашылған эксперимент алаңының аяқталуына байланысты , жас сарбаздарға сертификат табыстау салтанатты іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Абикеев Қайыржан Исенгалиевич және «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы оқушыларының ата аналары қатысты.
Іс-шара жас сарбаздардың салтанатты саппен жүріп өтуінен басталып,ҚР-ның ән-ұраны орындалуымен ашылды. Мектеп басшысының оқу-тірбие жөніндегі орынбасары Ахметжанова Арайлым Ғалымбекқызы құттықтау сөз сөйлеп,оқушыларға және олардың ата-аналарына алғыс тілегін айтты. Іс шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің патриоттық әндер орындауымен жалғасты. «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы оқушылары жас сарбаз әнұранын саптық элементтер орындау арқылы орындап,ұстаздар мен ата-аналардың көңілінен шықты.


Іс-шараның салтанатты бөлімінде «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы оқушыларына Республикалық жас сарбаз әскери-патриоттық қозғалысының Қостанай облыстық филиялының төрағасы Лезбаев Сергей Калиевичтің атынан аудандық білім бөлімінің әдіскері Абикеев Қайыржан Исенгалиевич табыстады.
Сертификат табысталу аяқталғасын жас сарбаздар өз туларымен 3 лектік салтанатты шерумен жүріп өтті. Келген қонақтар Абикеев Қайыржан Исенгалиевич және ата-аналар Бекетова Балым Аргынгазиновна, Алпыс Абзал Нағашыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп,оқушылар мен ұстаздарға алғыс тілектерін білдірді. Іс-шара соңында ата-аналар жас сарбаздарға гүл шоқтарын тапсырып естелік фотоларға түсіп,көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
Ал,жас сарбаздар іс-шара аяқталғасын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне және жерлесіміз Кеңес Одағының батыры С.Г.Амеличкиннің ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қойып,тағызым етумен аяқталды.

 

WhatsApp Image 2025 04 24 at 15.52.45 WhatsApp Image 2025 04 24 at 15.51.34 

WhatsApp Image 2025 04 24 at 15.51.32 WhatsApp Image 2025 04 24 at 15.51.35

© 2025. Все права защищены.