ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ережесі

  1. 1.Жалпы ереже.

 «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған  сыныбы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде  оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -  “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

            Еліміздің алдыңғы қатарлы  50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

        Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. «Жас жауынгер» патриоттық клубының жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сейдазымов Талгат Доскалиевич.

 

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ұраны: «Сапта сымбатты, Ұрыста айбатты!»

  1. мақсаты:
  • Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген  сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.

  1. міндеттері:

  • Жастарды әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау.
  • АӘД сабақтарында және «Жас жауынгер» патриоттық клубы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу.
  • Мәдени-көпшілік іс-шараларға , жазғы лагерлерге оқушыларды көптеп қатыстыру.
  • Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту.
  • Кездесулер ұйымдастыру, аудандық  патриоттық іс шараларға қатыстыру,
  • Белгілі тұлғалардың ерлік жолдарын үлгі ету және насихаттау.
  • Мұражайларға саяхат, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, тәрбие сағаттары;
  • Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу және газеттер,суреттер байқауларын өткізіп ат салысу.
  • Атаулы күндері атап өтуге байланысты іс-шаралар .
  • Өзін-өзі бақылаудың ішкі механизмін, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
  • Клуб ішіндегі қарым-қатынас дәстүрлі «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» принципіне негізделген өзара сыйластық, өзара көмек жағдайы.

  1. «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының негізгі бағыттары.

  • ·Еліміздің жауынгерлік дәстүрі, жауынгерлік борыш, әскери мамандықтар туралы әңгіме, баяндама, пікір талас ұйымдастыру ;
  • ·оқушыларды батырлар өмірі мен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу ;
  • ·соғыс және еңбек ардагерлерімен, жауынгерлермен кездесулер өткізу ;
  • ·соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне тұрақты қамқорлық жасау ;
  • ·әскери-патриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме, сурет, ән байқауларын өткізу;
  • ·әскер-спорттық ойындар , жарыстар өткізу;
  • ·әскери техникалар мен қару-жарақтарды тереңдетіп оқып-үйрену арқылы оқушылардың ғылыми жұмысымен шұғылдану,
  • Аудандық әскери-спорттық жарыстарға қатысу.

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының  басты тақырыптары:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы.  Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.

-Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі.

-Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттік орны.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.

-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.

-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.

-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.

-Ата-баба дәстүріндегі Отан қорғауға деген қарым-қатынасты өркендету. Қарулы Күштер тарихын, ата-бабамыздың ерлік мұрасын оқып-үйрену .

-Төзімділікті арттыру, шынықтыру. Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес клубтың әрбір мүшесінің жеке даму ерекшеліктерін, қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу.

-Түрлі байланыстар, біріккен іс-шаралар өткізу арқылы жастардың бос уақытын толыққанды әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету.

   

  1. «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының құрылымы:
  2. Кадет сыныбының сыныптан тыс жетекшісі: Сейдазымов Т.Д.

  3. «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

 «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы бағдарламасымен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне сыйластықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы мүшесі бола алады.

  «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы мүшелері құқылы:

- АӘТД пәні бойынша материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып АӘТД пәні бағдарламасымен және оның жекелеген түрлерімен шұғылдануға;

- әдістемелік және практикалық көмек, сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;

- мектепішілік өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға;

- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;

- клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;

- АӘТД пәні  материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесуге;

-Клубтағы  патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, спорттық және басқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін клуб мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.

 «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы мүшесі міндетті:

- бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;

- сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, клуб жұмысының алға басуына көмектесуге:

- Кадет сыныбында беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;

- барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.

  1. Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбы мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:

- алғыс жариялау;

- құрмет тақтасына енгізу;

- бағалы сыйлықпен марапаттау.

  1. Оқу-материалдық база.

- пән кабинеті;

- спорт залы, алаңы;

- пневматикалық мылтықтар;

- автомат макеттері;

- оқжатарлар;

- дербес қорғаныс құралдары;

- көрнекі құралдар, макеттер.т.б

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбына қабылдау құжаттары:

  1. Мектеп басшысына ата-анадан кадет сыныбына қабылдауға өтініш;
  2. Медициналық анықтама (ден-саулығы жөнінде справка)

 

Сарбаздар маршы

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған  сыныбының  әні:

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз

Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,

Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

Дұшпанға қатал болған, досқа берік,

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

Қара жер қаны сіңген бабалардың

Қорғауға шақырады балаларын.

Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,

Қиынға қайыспайтын қара нарым.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

 

 

© 2024. Все права защищены.