Ы.Алтынсарин атындығы Обаған орта мектебінің
«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ҚР-ның тұңғыш президенті күні қарсаңына өткізілген «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау іс-шарасынан сараптамасы.
Максаты:
-Жасөспірімдерге азаматтылықты, патриоттықты әлеуметтік және рухани адамгершілік маңызды құндылықтар ретінде дамыту. Олардың кәсіби маңызды сапаларын, білімділігін және қоғамдағы әр түрлі орталарға жоғарғы жауапкершілікпен тәртіптілікпен белсенді шығу дайындығын қалыптастыру;
-Әскерилердің мамандығын ержүректік, тапқырлық, жылдамдық, ептілік және басқа сапаларға жасөспірімдерді тәрбиелеу;
-Тұлғаның жан-жақты гармониялық дамуы, белсенді өмірлік позициясын жасау;
-Әскери істің негіздерін меңгеру;
-Төтенше жағдайларда зардап шегушіге бірінші көмекті көрсету және ескерту дағдыларын меңгеру;
-Мамандықты ұғынылған түрде таңдауы.
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде Қазақстан Респуликасының тұңғыш президенті күніне орай 2019 жылы 28 қараша күні «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынға Қостанай ауданыныың біріктірілген әскери істері бойынша бөлім бастығының орынбасары аға лейтенант Ренов Малик Ануарбекұлы және Қостанай ауданының АӘД пәнінің жетекшілері қатысты. Сол сияқты өз ауданымыздан аудандық білім бөлімінің басшысы Мамаева Арайлым серікбековна, АӘД пәндері бойынша әдіскер Қуанов Ертай Рахимжанович,аудандық АӘД пәнінің жетекшілері және «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының ата-аналары қатысты. Аталған жиынға ҚР-ның «Жас сарбаз» қозғалысы бойынша Қостанай облыстық филиялының төрағасы Ахметов Ержан Кемелбекұлы қатысып Жас сарбаздарға жеке куәліктер табыстады.
https://ubagan.altynsarinroo.edu.kz/kk/zh-s-s-rb-z/81-tu-abyldau-zh-ne-ku-lig-tabystau-is-sharasy#sigFreeIdbe0875eecf