"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады"
Нұрсұлтан Назарбаев
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек.
- Өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
- Білім алуына көмектесуге міндетті;
- Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
- Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірмен танысуға міндетті;
- Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге;
- «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі:
- Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
- Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
- Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
- Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
- Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
- Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Ата-аналарға көмек ретінде:
Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру;
• Балаға жоспар құруға көмектесу;
• Балаға қызық жерлерді нұсқау;
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
• Оған кітап оқып беру;
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
• Қалауын түсіне білу;
• Баламен жеке араласуға уақыт табу;
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.
Қазіргі мектеп балаларына қарап отырып, тәрбиеге үлкен көңіл бөлу керек екенін ата-аналарға жеткізгім,келеді «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі