ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

«Мамандықты қателеспей дұрыс таңдау дегеніміз не?», «Осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болып еді. Енді өз қалауыммен екінші мамандықта оқып жүрмін», – деген сияқты сөздерді жиі есітетініміз анық. Енді, мамандықты дұрыс таңдау үшін не қажет, соған тоқталып жауап іздеп көрсек.

 Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. Ал, мектебіңде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан, әр мамандықтың адамға ұсынатын ерекшелігін, талабын алдымен өзіміз жақсы біліп алуымыз керек. Содан кейін ғана оқушыларға сенімді түрде толық ақпарат бере аламыз.

 Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалады. Осылардың нәтижесіне сүйеніп әр баланың қай мамандыққа бейім екенін білгеннен кейін әрі қарай қандай жұмыстар жасалуы керек? Оқушының таңдаған мамандығына сәйкес дұрыс бағыт-бағдар беру үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады? Олардың ата-аналарының пікірін тыңдау маңызды ма? Оқушының таңдаған мамандығы жоғары немесе орта білімді қажет етеді ме? Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп, оқушының дұрыс, өзінің қабілетіне сай келетін мамандықты қателеспей таңдауына, мектеп оқушылары мен ата-аналарына кәсіп туралы білім беруді дамытуға үлес қосуымыз керек.

 Сондай-ақ, дұрыс таңдалмаған мамандық – мамандық иесінің өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн.

 Профессор М.Кон мамандық таңдаудың 4 кезеңін атап көрсеткен:

 Бірінші кезең – әртүрлі мамандықтағы адамдарды бейнелейтін балалар ойыны.

 Екінші кезең – өтпелі кезеңде балалар арманынан туындайтын керемет мамандықтарды бейнелейтін фантазия.

 Үшінші кезең – бүткіл өтпелі кезең мен бозбалалық кездің бір бөлігін қамтиды. Осы кезеңде әртүрлі іс-әрекет түрлері өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және құндылықтарына сай жинақталады және бағаланады.

 Төртінші кезеңде нақты мамандық таңдау жүзеге асырылады. Бұл кезең екі бөлімнен тұрады: болашақ жұмыстың деңгейі қандай (жоғары не орта білімді қажет етеді ме?) және нақты мамандықты таңдау.

 Қазіргі балалар, бақылап қарасаңыздар, ойнамайды. Ойнамаған балада жаңаша ой, идея болмайтыны анық. Сондықтан, баланы ойнау арқылы ойлай білуге үйретуіміз керек. Ол үшін біздің бастауыш сыныптармен жұмысымыздың дені маман болып ойнау, сол мамандықтың жақсы, «жаман» («қиындығын» деген мағынада) жағын оқушымен біріге отырып талдауға қойылуы керек. Бірыңғай тест, сауалнама алу арқылы баланы жалықтырып алмайық!

 Мұғалімнің берген мәліметтерінен өзіне қажетін алып, оған өз ойын қосып, тамаша мамандықты ойлап тапқан бала, сол кәсіптің өзі білмейтін жақтарын сұрастырып біліп алуға ұмтылары хақ.

Ата-аналарға ұсыныстар мен кеңестер

Есіңізде болсын!  Балаңыздың болашағы  мамандықты  дұрыс  таңдауға байланысты!

Балаңызды   бақылау отырып,  келесі жағдайларға назар  аударыңыз және белгілеп отырыңыз:  қажеттілік, қабілеттілік, қызығушылығы,  бейімділігі,  мінез-құлқындағы  ерекшеліктер.

Балаңызбен бірлесе отырып  өзіңіз тұратын  аймақта  қажеті мамандық түрін анықтаңыз.

Аймағыңыздағы  оқу орындары туралы ақпарат  жинаңыз.

Балаңыздың   қызығушылығы мен  қабілетін білу маңызды. Сіз  балаңызға кеңес айтып, дұрыс жолға  бағыттауға    көмектесіңіз. Қандай жағдай болса да өз қалауыңызды емес,  баланың  таңдау жасауына жол беріңіз.

Есіңізде болсын!  Кейбір ата-аналар балаларын  өздері ұстанатын көзқарасқа бағынуға  мәжбүр етеді. « Менің қолымнан келмесе де, баламның қолынан келеді» пікір дұрыс емес, себебі  балаңыздың өз қалауы болады, балаңыз сіз қалаған маманыдықты таңдап, өмір бойы бақытсыз болуы мүмкін.

Кейбір мамандықтар,  мысалы, өнер саласына  қатысты ерекше қабілеттілік пен дарындылықты  талап етеді. Балаңыздың  қабілетіне сәйкес келмейтін мамандықтың  балаңызды бақытсыз  ететінін  ұмытпаңыз.

Ешқашан  балаңызды басқа балалармен  салыстырмаңыз. Адамдардың  бір-бірінен  жеке тұлғалық  қасиетімен, сондай-ақ  бойының ұзын қысқалығымен,  көз жанарының  түсімен ерекшеленетіні белгілі, сондай-ақ жетістіктері  де бірдей болмайды.

Ата-аналар арасындағы  ұрыс, келіспеушілік баланың  психикасы мен  дүниетанымына  кері әсер етеді.

Балаға  қыспаушылық көрсетпеу  керек.

«Сіз қандай ата-анасыз?» Психолог

(өз-өздерін тест арқылы тексеру)

  1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.

  1. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

  1. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз

  1. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз

  1. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз

  1. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз

  1. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

  1. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз

  1. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз

Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды

а

ә

б

1

3

0

5

2

2

5

0

3

0

3

5

4

3

5

0

5

0

2

3

6

5

0

3

7

3

0

5

8

5

3

0

9

0

5

3

нәтижесін психолог хабарлайды:

0 — 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.

19 — 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.

36 — 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.

© 2024. Все права защищены.