Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару моделі
Мектепішілік бақылау моделі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Мектептің педагогикалық тұжырымдамасы: "Мұғалім балаларды дұрыс жолға бағыттап, өз өмірінен немесе басқа адамдардың өмірінен мысалдар келтіре отырып, қалай күшті тұлға болуға болатындығын айтуы керек. Ол өскелең ұрпақты қиындықтардан қорықпауға және мақсатқа жету жолында әрқашан жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс деп сендіруі керек. Дәл сол кезде әр оқушы өзінің қоғамның маңызды мүшесі екенін сезінеді".
Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.
Әлкей Марғұлан
Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізді емес, көзбе - көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде.
Антон Макаренко
Құрметпен, біз Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары қошеметпен сіздерді шақырамыз. Біздің мектебіміз аудан орталығындағы ең жоғарғы тәжірибелі ұстаздары мен білімді шәкірттерімен алдыда келе жатқан білім ошағы. Мектептегі мұғалімдер сапасына тоқталатын болсақ, педагог-зерттеуші -29 %, педагог-эксперт-25%, педагог-модератор-25 %, жоғары санатты-3%, екінші санатты-3 %, санатсыз-3 % құрайды. Әр ауылдық жерден келіп мектеп интернатында жатып білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттеріміздің саны күннен-күнге ұлғая түсуде.
Биылғы жылдың өзіңде білім саласы бойынша, Республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардан, сайыстардан оқушыларымыз жоғарғы деңгейде көрініп жатыр. Республикалық пәндік олипиаданың облыстық кезеңінен 5 жыл қатарынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларымыз 1 орын иегерлері атанып келеді. Кабинеттердің барлығы интернет желісімен және АКТ-мен қамтылған. Алдағы уақытта одан да көп оқушылар көбейеді деп ойлаймыз. Мектеп ұжымы ұйымшылдықпен, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Біз мектебімізбен мақтанамыз.
Құрметпен, мектеп басшысы: Муратбек Рина
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару моделі
Мектепішілік бақылау моделі