ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

zdanie

Мектеп туралы

Мектептің педагогикалық тұжырымдамасы: "Мұғалім балаларды дұрыс жолға бағыттап, өз өмірінен немесе басқа адамдардың өмірінен мысалдар келтіре отырып, қалай күшті тұлға болуға болатындығын айтуы керек. Ол өскелең ұрпақты қиындықтардан қорықпауға және мақсатқа жету жолында әрқашан жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс деп сендіруі керек. Дәл сол кезде әр оқушы өзінің қоғамның маңызды мүшесі екенін сезінеді".

 

Толығырақ

oky1

Оқу жүйесі

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.

Әлкей Марғұлан

Толығырақ

 

tarbie

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізді емес, көзбе - көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде.


Антон Макаренко

Толығырақ

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

WhatsApp Image 2023 03 01 at 12.26.50

      Құрметпен, біз Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары қошеметпен сіздерді шақырамыз. Біздің мектебіміз аудан орталығындағы ең жоғарғы тәжірибелі ұстаздары мен білімді шәкірттерімен алдыда келе жатқан білім ошағы. Мектептегі мұғалімдер сапасына тоқталатын болсақ, педагог-зерттеуші -29 %, педагог-эксперт-25%, педагог-модератор-25 %, жоғары санатты-3%, екінші санатты-3 %, санатсыз-3 % құрайды. Әр ауылдық жерден келіп мектеп интернатында жатып білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттеріміздің саны күннен-күнге ұлғая түсуде.

Биылғы жылдың өзіңде білім саласы бойынша, Республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардан, сайыстардан оқушыларымыз жоғарғы деңгейде көрініп жатыр. Республикалық пәндік олипиаданың облыстық кезеңінен 5 жыл қатарынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларымыз 1 орын иегерлері атанып келеді. Кабинеттердің барлығы интернет желісімен және АКТ-мен қамтылған.  Алдағы уақытта одан да көп оқушылар көбейеді деп ойлаймыз. Мектеп ұжымы ұйымшылдықпен, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Біз мектебімізбен мақтанамыз.

 

Құрметпен, мектеп басшысы: Муратбек Рина

      Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,         педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 
                                                               

Ахмет Байтұрсынов

 

 

Мектептің тақырыбы:

«Оқу - тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, қоғам талабына сай келетін жеке тұлғаны тәрбиелеу»

Мектептің мақсаты:
1.     Азаматтық және патриоттық тәрбие беру, өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін сақтауға, кез келген заңға және қоғамға қайшы әрекеттерге шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
2.     Жаңа педагогикалық технологиялар енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру. 
3.     12 жылдық білім берудің материалдық базасын дайындау және мұғалімдердің мамандық шеберлігін арттыру үшін жағдайлар туғызу. 

Мектептің әдістемелік тақырыбы:
«Білім беру үрдісінің сапасын арттыру жағдайында  құзыреттілік  педагогикасын енгізу»

Мектептің әдістемелік мақсаты: 
Мектептегі  оқу үрдісіне  педагогикалық негізгі құзіреттіліктерді  енгізу арқылы  білім  алушылардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру.

© 2024. Все права защищены.