1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Алтынсарин ауданы әкімінің аппарат басшысы Кикимов Дархан Жоламанұлы оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ мектеп басшысының міндетін атқарушы Нурбеков Азамат Жомартұлы өзінің құттықтауы мен мектебіміздің 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктерін айтып өтті.
Мектеп табалдырығын аттаған 1 сыныпта 17 оқушы бар. 1 сыныптарды білім әлеміне апаратын ұстазы- Самидосова Марзия Аяғанқызы. Мерекелік жиында 1 сынып оқушылары тақпақтар айтып, мектеп оқушылары өнерлерін көрсетті. Жиыннан соң, Білім күні «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты сынып сағаттары өткізілді.