Қостанай облысы тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында халықты жылдам хабарландыру үшін «Darmen» тегін мобильді қосымшасы іске қосылды.
Қосымшаны орнату үшін Play Market қосымшасына кіріп орнатуға болады.
Сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sannacode.android.serbiso
Күні бүгінге дейін облыс аумағында қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе сигналды жеткізу облыс аймағын қамтитын теледидар және радио хабарларды тарату, сиреналар және мобильдік операторлар арқылы смс тарату көмегімен жүргізілген.
Енді ТЖ туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін 15 мамырдан бастап, SMS құлақтандырумен қатар тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылған. Жоба қазақстандық «I2NIK» ЖШС компаниясымен әзірленген. «Darmen»-ді дайындау үшін Жапония мен АҚШ елдерінің халықты мобильдік қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерделенген.
Сонымен қатар, бұл қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы ТЖ қаупі мен туындауы (соның ішінде дауылдық ескертулер) туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымша тәжірибелік пайдаланудан өтті және хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып жатқан SMS құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті.
Мобильдік қосымшаны Android және IOS операциялық жүйелері негізіндегі смартфондары мен планшеттері бар барлық тұрғындарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алу үшін қолжетімді.
Ал қосымшаны App Store және Plaу Market мобильдік телефондар үшін қосымшалар дүкендерінде «Darmen» атауын енгізіп жүктеп алуға болады. Бұл халықты, жергілікті атқарушы органдарды және басқаларды нақты бір жағдайдың туындауы туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді.
Азаматтарды қорғаудың мұндай схемасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды.