2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын қазақ биімен ашылып, 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, әнұран айтылған соң, алғашқы құттықтау сөз кезегі Алтынсарин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы-Альмаганбет Аскар Жандарбековичке берілді. Аскар Жандарбекович ата-аналар мен ұстаздарды, оқушыларды білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Келесі құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Садыков Асқарбек Жабыкбаевичке берілді. Мектеп басшысы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, салтанатты жиынға қатысушыларды білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ, 1 қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ата-аналар, мектеп түлегі сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. 1-сынып оқушылары мен мектеп түлектері бірігіп, алғашқы қоңырау соққаннан соң, барлық оқушылар білім күнінің «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағаттарына қатысты.