Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес " 1000 мамандық бәрі бар, таңдап,талғап бірін ал" тақырыбында диспут өткізілді.Диспуттың тұздығы ретінде аудан мамандарының қатысуымен түсірілген бейнежазба көрсетілді және білім алушылар "Мамандық" деген не? сұрағына пікір таластырып, өз ойларын ортаға салды. Педагог-кәсіптік бағдар беруші Хабибуллина М. М. заманауи мамандықтар туралы толық ақпарат берді және тренинг - жаттығулар мен ойындар өткізді. Диспут жоғары деңгейде өтті.










