ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде арнайы жоспар құрылып, мерекеге арналған іс шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылды. 

Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан төл мереке. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.

Наурыз мейрамында қазақ халқы бір-бірлеріне деген өкпе-ренішті ұмытып, мейірімділіктің озық үлгісін танытқан» деп көркем үнмен ұлыс мерекесін қарсы алған мектебіміз Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп ұйымдастырған.

Жоспар бойынша бастауыш сыныптар арасында сурет байқауы, қайырымдылық жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып, жеңімпаздар мектеп басшысы грамотасымен марапатталды.

Бұл күні қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу мақсатында мектепішілік іс шара ұйымдастырылып, ән айтылып, би билеп, Қыдыр ата ақ батасын беріп, соның ішінде бесікке салу, баланы қырқынан шығару, ақ дастархан күні деп ерекше мазмұн бере отырып, бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ, наурыз көже әзірленіп, халыққа таратылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту үшін көріністер қойып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті.

Жоспар бойынша, 17 наурыз күні республикалық домбырашылар  челленджіне мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып, Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін тартты.

© 2024. Все права защищены.