Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ оқушыларын Алтынсарин ауданының Мемлекеттік мұрағатына кәсіптік бағдар жоспарына сай топсеруенге барды. Саяхатты кәсіптік бағдар педагогы Хабибуллина М. М ұйымдастырды. Топсеруен мақсаты: сала қызметкерлерінің жұмысымен танысу. Болашақта дұрыс мамандық таңдауға баулу.
Мұрағатшы Маркова В. Д. мен Жанакаева Ж. Ж. өз жұмыстары туралы көптеген мағлұмат берді. Жұмыс бөлмелерін көрсетті, құжаттармен таныстырды. Саяхат соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға мамандардан толық жауап алды. Топсеруен қызықты әрі пайдалы өтті.
https://ubagan.altynsarinroo.edu.kz/kk/news-kz/110-altynsarin-audanyny-memlekettik-m-ra-atyna-k-siptik-ba-dar-zhosparyna-saj-topseruenge-bardy#sigFreeId28a808101c