Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі. Сондай -ақ оның ойы мен іс-әрекетіне жоғары баға беруі. Анаға өмір сыйлағаны үшін, әкеге қорған болғаны үшін бірінші алғыс айтамыз әрине. Дегенмен де ұстаздардың еңбегі де орасан зор. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектебіміздің кітапханасында «Бәріңізге мың алғыс» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен іс шара өтті.
Онда оқушыларға Алғыс айтудың мәні туралы түсіндірілді. Оқушылар ұстаздарға өз қолдарымен ашықхат жасап, оған өздерінің жүрекжарды тілектерін, алғыстарын жазып, табыстап ұстаздарға қуанышты көңіл күй сыйлады. Біз барша ұстаздар қауымына жасап жатқан еңбектеріңізді жоғары бағалап, алғыс айтамыз. Өйткені сан ұрпақ сіздердің алдарыңыздан өтіп, болашаққа біліммен қадам басады. Сіздерге айтылған алғыс тілектер жақсы істеріңізді құлшыныспен жалғастыруға жігер берсін.
https://ubagan.altynsarinroo.edu.kz/kk/news-kz/108-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni#sigFreeId0b3c3393b3