«Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінде «8 наурыз- Халықаралық әйелдер» күніне орай іс- шаралар жоспары жасалып, мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Алғыс алған арымас» , «Ұстаз Ұлы тұлға» демекші, мектебіміздің ардагер ұстаздарын ұлықтап, бастауыш сыныптар арасында "Ардақты әже, аяулы ана, ару қыз" ертеңгілігі өткізілді. Мектебіміздің түлегі Астана қаласындағы К. Куанышбаев атындағы драма театрының қызметкері Жолдыбек Диана өз әріптестерімен бірге құттықтау тілегін білдірді.
5-7 сыныптар арасында «Қыздар,қыздар,сұлу қыздар!"» байқауы өтті. Сынып жетекшілер : Бакун А.Т., Таукебаева З.А., Ануарбекова А.Х. қыздарымен өте жауапкершілікпен дайындалып келді. Байқау қызықты да, көңілді болды.
Жоғарғы буын арасында «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мектепішілік үлкен концерттік бағдарламамыз қонаққа келген ардагер ұстаздарымыз бен арамызда жүрген мұғалімдер мен оқушы қыздарымыздың да көңілінен шықты.
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
https://ubagan.altynsarinroo.edu.kz/kk/news-kz/102-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-ni#sigFreeIde9de57eba9