«Үндестік» жобасы аясында ата-аналармен бірлесе өткізген
«Ұлыстың ұлы күні –Наурыз» мерекесі
Бүгінгі таңда білім беру ұйымы мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл заманауи білім беру жүйесін жаңғыртуды ескере отырып қарастырылуда. Өзара әрекеттесу ата-аналарға білім беру қызметтерінің «тапсырыс берушілері» ретінде, сонымен бірге олардың сапасын дұрыс бағалай алатын және білім беру қажеттіліктері мен оқу процесін өзін-өзі ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес студенттердің оқу іс-әрекетін оңтайландыруға қатысатын белсенді, адал және жауапты тұтынушыларды бағдарлауды қамтиды. Мұның бәрі әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары бойынша ата-аналармен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас құру қажеттілігін қарастырады. Білім беру ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылы қазіргі білім беру стратегиясында белгіленген ынтымақтастықтың жаңа нысандары арқылы құрылады.
«Үндестік» облыстық жобасы ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған тиімді нысандардың бірі болып табылады.
«Үндестік» жобасы аясында ата-аналармен қатысуымен Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі өтті.
Наурыз мейрамында қазақ халқы бір-бірлеріне деген өкпе-ренішті ұмытып, мейірімділіктің озық үлгісін танытқан» деп көркем үнмен ұлыс мерекесін қарсы алған мектебіміз Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп ұйымдастырған.
Жоспар бойынша бастауыш сыныптар арасында сурет байқауы, қайырымдылық жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып, жеңімпаздар мектеп басшысы грамотасымен марапатталды.
Бұл күні қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу мақсатында мектепішілік іс шара ұйымдастырылып, ән айтылып, би билеп, Қыдыр ата ақ батасын беріп, соның ішінде бесікке салу, баланы қырқынан шығару, ақ дастархан күні деп ерекше мазмұн бере отырып, бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ, наурыз көже әзірленіп, халыққа таратылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту үшін көріністер қойып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Ата-аналар «Бесікке салу» рәсімін көрсетіп, Наурыз мерекесіне белсене қатысты.
Тәрбие ісінің орынбасарлары: Ахметжанова А.Г.,Алдажарова Г.К.