ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мұғалімдерге арналған жаттығулар

1-жаттығу.  Адам туралы адамгершілік көзқарас.

Ойлап көріңізші барлық адамдар әр түрлі, бірақ әрқайсысы өзінше керемет; адамды оның мінез-құлқымен шатастырмаңыз; әр адамның өсуге және өзгеруге тең мүмкіндігі бар.

2-жаттығу. Өзін-өзі бағалаушылықты бекіту.

Асықпай, саспай «Мен кіммін?» деген сұраққа ойша бірнеше жауап беріп көрші. Сосын монологта немесе басқаларға өзіңнің бірегейліңің туралы айтып бер. Әңгімеңізді келесі сөздермен бастаңыз: «Мен – бұл менмін. Бүгінгі күнге дейін істеп, қол жеткізгенімнің  бәрі менікі: менің қуаныштарым мен қайғым, жеңістерім мен жеңілістерім...» Одан әрі өзіңіздің бағаңызды ашу үшін ауызыңызға не түседі соның бәрін айтыңыз. Әңгімені келесі сөздермен аяқтаңыз: «Мен – бұл менмін. Мен өзіммен өзім ғана болғым келеді.» Әңгімеңіз ақталғаннан кейін не сезіндіңіз, талдап көріңіз, сіздің өз-өзіңізді сезінуіңіз қалай өзгерді.

3-жаттығу. Қарсы аргументтер.

 Өзіңнің абройың мен кемшіліктеріңді, өзіңді аздап түсінуге талпынып көр. Оларды бір парақ қағазға жазып қой. Жазған сағатын, күнін, жылын көрсет те, сақтап қой. Сіз не нәрсеге риза емессіз? Не істеу керек.  Осы жаттығуға қайта қайта оралып отыр.  Өзіңнің бағаң мен сезіміңнің өзгеруін талдап көр.

 

4-жаттығу. Менің «Менімнің» бөліктері.

Біздің «Мен» - біздің денеміз, біздің ойымыз, сезіміміз, қарым-қатынасымыз және біздің рухымыз. Біз белгілі кеңестікте өмір сүреміз, белгілі тамақпен қоректенеміз. Біздің «Меніміздің» әр бөлігі өзінің рөлін ойнайды, бірақ олар бір-бірімен қарым-қатынаста болып, осы «Меннің» сиқырлы оюын құрайды. Біз толыққанды өмір сүреміз бе?  Біз өзіміөдің организмімізді тыңдаймыз ба?  Өзіміздің сезімдерімізді ше? Біз өзіміздің сезім мен ойымызға ерік береміз бе? Біз өзімізді қоршаған ортамен қарым-қатынасымызға ризамыз ба?

Осы сұрақтарға ойланып, әр «Менді» ескеріп, оның жағдайын сұрап, өзіңіздің «Меніңіздің» шартты оюын суретке салыңыз:

  • «Мен» оюын суретке салыңыз;
  • өзіңіздің әр «Меніңізді» тыңдаңыз;
  • оның жағдайын сұраңыз, осы шартты оюдағы оның рөлі мен орнын сұраңыз;
  • өзіңіз қалаған бояюға бояңыз;
  • ол әсер еткен өзіңіздің «Меніңіз», сезіміңіз туралы ойлап көріңіз;
  • оюды сақтап қойыңыз, кейін салған басқа оюлармен салыстырып көріңіз.

5-жаттығу. Менің ішкі дауысым.

  1. өзіңнің барлық тілектеріңді айт. Оларды жаз (басыңа келгеннің барлығын). Осы тізімге қолыңда барын және ие болғың келетін тілектеріңді жаз, бірақ 20-дан аспасын. Мысалы: ауырмау... және т.б.
  2. Тізімді оқып шығыңыз, тізімді оқығанда басыңызға қандай ой, сезім келді? Жиырма тілектен ең қажетті деген 5 – 6-сын таңда.
  3. Таза параққа екі шеңбер сыз да, ішіне әлгі 5 – 6 тілегіңді орналастыр.
  4. Субличностер символын суретке сал да, оларға сіз үшін маңызы бар ат бер.
  5. Өзіңнің «Меніңді» боя.
  6. Осы жаттығуды кейін қайтала және суреттеріңді, сезімдеріңді салыстырып көр.

6-жаттығу. «Саботажшыме»  кездесу.

  1. Өзіңіз істегіңіз келген бір іс туралы ойлап көріңізші. Енді сіздің ойлаған жоспарыңыз іске асты деп ойлаңыз.
  2. Сіздің жоспарыңызды жүзеге асыруға не кедергі жасайтынын ойлап көріңіз. Осы картинаны көз алдыңызға елестетіңіз.
  3. Сіздің ойлағаныңызға қарсы күш – «саботажшының» образын көз алдыңызға елестетіңіз. Оны (депрессия, қорқыныш, сенімсіздік, ұялшақтық және т.б.) деп атаңыз.
  4. «Саботажшының» рөлін ойнап, өзіңіздің жобаңызды жүзеге асыруға кедергі жасап көріңіз; осыдан сіз қандай пайда тапқаныңыз туралы айтыңыз.
  5. «Мен» көз қарасы бойынша «саботажшымен» кездесуді елестетіп көріңіз. Онымен келіссөз жүргізіңіз.

7-жаттығу. Жағымды еске алуларды тірілту.

  1. Өміріңіздің сіз бақытты болған кездерін еске алыңыз. Сол кезеңнің кейбір эпизодтарын таңдап алып, оны қайтадан ой елегінен өткізіңіз (сіз бақытты болдыңыз... сіз ғашық болдыңыз... сіз жоғары толғаныста болдыңыз... сіз шығармашылық сезімде болдыңыз...).
  2. Осы еске алулардың ең тартымды ерекшеліктері қандай болғаны туралы өзіңе жауап беріп көрші.
  3. Сізге осы сезімдерді қазір сезінуге не кедергі жасайды?

Осы жаттығуды сізге психологиялық қолдау қажет болған жағдайда тағы да қайталаңыз.

8-жаттығу. Энегияны беру.

  1. Алдыңызда энергияның бір көзі бар деп елестетіңіз. Ол сізді жылытады, ол сізге қуат береді. Энергия сіздің денеңіздің алдыңғы жағына қалай әсер еткенін сезініп көріңіз.
  2. Ол энегияны ішіңізге тартыңыз. Осындай энегия көзін арқаңыз жағынан да сезініңіз. Энергия толқындары сіздің арқаңызда жоғары және төмен қозғалғанын сезініңіз.
  3. Энергияны енді сол (оң) жағыңызға орналастырыңыз. Оның әсерін енді денеңіздің сол (оң) жағынан сезініңіз.
  4. Энергия көзін енді басыңыздың үстінен сезініңіз. Энергияның сіздің басыңызға әсерін сезініңіз.
  5. Энергия көзі енді аяғыңыздың астында. Энегия сіздің аяқтарыңызды қыздырады, сосын жоғары көтеріліп, бүкіл денеңіз бойынша тарайды.
  6. Сіз энергияны өзіңіздің бір жақыныңызға жіберіп тұрғаныңызды сезініңіз. Бұл жаттығуды күшіңіз бен энергияңыз әлсірегенде істеңіз.

9-жаттығу. Маяк.

  1. Континеттен алыста тұрған тау-тасты шағын аралды көзіңізге елестетіңіз. Аралдың ең биік төбесіне маяк орналасқан.
  2. Өзіңді аралда тұрған осы маяк деп елестетіп көр.
  3. Сенің қабырғаларың қалың, мықты, тіпті күшті дауыл да сені шайқай алмайды. Жоғарғы қабаттың терезесінен сен жарық бересің, ол мұқиттағы кемелерге жәрдем береді. Қауіпсіздіктің символы болып табылатын, сенің жарығыңды тұрақты ұстап тұрған энергия жүйесі туралы сен ешқашан ұмытпа.
  4. Енді өзіңнің ішіңдегі, ешқашанда сөнбейтін, жарық көзін сезініп көр.

Бұл жаттығу сен өзіңді жалғыз, тастап кеткенді сезінген кезде жақсы көмектеседі.

10-жаттығу. Бақыт деңгейі.

  1. Ыңғайлы отырыңыз. Бірнеше рет толық дем алыңыз.
  2. Қазір сенің бақыт деңгейің қандай деп өзіңнен сұра? Әдеттегідей – 100 пайыз ба? Егер солай болса мен құттықтаймын.
  3. Егер жоқ болса – айт, кім саған бақытты болуға кедергі жасайды?

Сіз болашақ туралы қорқасыз ба?

Сізді өткен бірдеме қорқыта ма?

Сіз өзіңізді біреумен салыстырасыз ба?

Сіз біреу сізді ренжітті деп сезінесіз бе?

Сіз біреуден өш алғыңыз келе ме?

Сіз бәрі пайдасыз, үмітсіз деп сезінесіз бе?

  1. Егер Сіз осы сұрақтардың кейбіреуіне мақұлдап жауап берсеңіз, осы сәтте сіз тағдырға не үшін рахмет айтасыз, тізімін жасаңыз. Сіздің бақытыңыздың деңгейі қазір қандай?

Сіз бұл жаттығуды өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кезде істеңіз.

© 2024. Все права защищены.