ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Обаған ауылы, Пришкольная көшесі 1А
8 (71445) 3-41-26
ubagan@altynsarinroo.edu.kz@mail.ru

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Убаганская общеобразовательная школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Мақала индексі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі" КММ

ББЖМ өту ережесімен оқушыларды  таныстыру.

Ата-аналарды ББЖМ өту процедурасымен, нұсқауларымен таныстыру.

2022-2023 оқу жылының жоспары бойынша 4,9 сынып оқушыларына және  ата-аналар жиналысында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингі туралы ақпарат берілді. Жиналыс ата-ана мен мектеп арасындағы жақын қарым қатынасыты нығайту мақсатында сынып жетекшісі және мектеп психологогының қатысуымен тренинг өткізуден басталды.

ББЖМ-ның мерзімі,өткізілу форматы,тестілеу тапсырмаларының нысаны,тестіленушіге қойылған ережелері ұсынылды.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;

Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут).

Максималды балл – 75.

ББЖМ-ға дайындықты арттыруға арналған материалдар,соны мен қатар оқу жылынын басталуымен өткізілген сынақ тесттерінің  нәтижелері көрсетіліп талқылынды және ата-ана тарапынан келесідей ұсыныстар ескеріліп, келесідей шешім қабылданды:

-4 және 9 сыныптардың қорытынды аттестациясына оқушыларды дайындау ата-аналар және ұстаздар тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілсін.

-Оқушылардың ата-аналарына мектеппен тығыз байланыста болып, балаларына сынаққа дайындалуға толық жағдай жасау

 -4,9 сыныптарда оқитын оқушылар ата-аналарына балаларының мамандықты таңдау бойынша берілген кеңестерге назар аудару.

346


 

2023 жылғы ҰБТ сұрақтары бойынша өткізілген ата аналар жиналысы.

2022-2023 оқу жылының қаңтар айында 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысында

қорытынды аттестация мен 2023 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болатындығы түсіндіріліп, ҰБТ-ның мерзімі, тестілеу тапсырмаларының нысаны,тестіленушіге қойылған ережелері,ҰБТ-ға дайындықты арттыруға арналған материалдар,Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген ББТ топтарының тізбесі,білім беру гранты конкурсы бойынша ақпарат берілді, соны мен қатар оқу жылынын басталуымен өткізіліп жатырған сынақ тесттерінің  нәтижелері көрсетіліп талқылынды және ата-ана тарапынан келесідей ұсыныстар ескеріліп, келесідей шешім қабылданды:

-11 сыныптардың қорытынды аттестациясына оқушыларды дайындау ата-аналар және ұстаздар тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілсін.

-ҰБТ-ге қатысатын оқушылардың ата-аналарына мектеппен тығыз байланыста болып, балаларына сынаққа дайындалуға толық жағдай жасау

 -11 сыныптарда оқитын оқушылар ата-аналарына балаларының мамандықты таңдау бойынша берілген кеңестерге назар аудару.

© 2024. Все права защищены.