12 желтоқсан күні мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай - салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақты жан – жақтылыққа тәрбиелеу, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру және де еліміздің тәуелсіздігін ұлықтау мақсатында «Тәуелсіз ел - Қазақстан» тақырыбында 5-11 сыныптар спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.